info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жарнама - нарықтың қозғалтқыш күші

Жаңалықтар
25.10.2019

Егер өзіңіз немесе тауарыңызды елге танытқыңыз келсе - сыртқы жарнама көмектеседі. Бұл салада қызмет көрсететін компаниялардың бірі – «PrintVision» ЖШС. Бұл компания 2013 жылдан бастап сыртқы жарнама материалдарын жасау бойынша қызмет көрсетеді. Компания өнімнің сапасы мен дер кезінде дайындалуына баса назар аударады. Бұл - клиенттер үшін ең жақсы сервис пен неғұрлым қолайлы баға таңдауға зор мүмкіндік. Штатта 15 адам бар.

 

Сапалы қызмет көрсету үшін компания заманауи қымбат құрал-жабдықтарды, атап айтқанда, «Flora XTRA3000H» кең форматты гибридті принтер сатып алар кезде «Forte Bank» АҚ-на жүгінді. Компания «Еңбек» бағдарламасы аясында жеңіл несие беріп, «Даму» Қоры кепілдік ұсынды.

 

«Print Vision» ЖШС төмендегі өнімдер мен қызмет түрлерін ұсынады:

  • Поливинилхлорид немесе акрилден жасалған маңдайшаларды дайындау және монтаждау;

  •  Нұсқаулық тақтайшалар (штендер) жасау және монтаждау);

  •  Материалдарды қисық сызықпен кесу;

  •  Автокөлікті безендіру, авто подиумдар дайындау;

  •  Баннер дайындау және безендіру;

Егер сізге қысқа мерзімде сапалы сыртқы жарнама қажет болса - Алматы қаласы, Ауэзов ауданы, Таугүл шағын ауданы, Ықылас көшесі, 3 үй мекен-жайына хабарласыңыз. Немесе телефон нөмірі: 8 (727) 263 84 64, 8 (727) 293 17 07.

Сайт:

info@frezer.kz

frezerkz.satu.kz

www.frezer.kz

Подробнее: https://frezerkz.satu.kz/contacts