info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Шымкент-Кашемир» өнімдері көп елде танымал

Жаңалықтар
10.12.2019

«Шымкент-Кашемир» ЖШС – жүн жуып, түтіп, иірілген жіп пен сырылып тігілген көрпе шығаратын зауыт. Бүгінгі күні бірінші кезең – жүн жуу және тарау цехы толық іске қосылған. Бұл цех көрпе мен жіп шығаратын өндіріске қажет шикізатты өздері қамтамасыз ету үшін ашылған болатын. Артығы Қытайға экспортталады. Жылына 2000 тоннаға дейін жүн жуып, түте алады. Жүн жергілікті шаруашылықтардан жиналады. Яғни отандық шикізат саласына жан кіргізуде үлесі бар.

Кәсіпорын түйе жүнін қабылдайды. Себебі мұндай көрпелер гипоаллергенді, жылуы жақсы, терлетпейді және денсаулыққа пайдалы.

Фото 0.jpg

Зауыт директоры, жас кәсіпкер Санат Шағанбекұлының айтуынша, мұндай кәсіпорын Қазақстан бойынша жалғыз.

«Кеңес уақытында жүн қабылдап, өңдейтін ірі зауыттар жабылып қалған. Өндірістің бұл түрі төмен табысты салаға жатады және үлкен инвестицияларды қажет етеді. Біз арнайы экономикалық аймақта орналасқанымыздың арқасында жеңілдіктерді пайдаланып, шығынсыз жұмыс істеп келеміз. Біздің өнімдердің сапасы жоғары. Моңғол, италия, грек және ресейлік аналогтардан еш кем түспейді. Бірақ бағасы әлдеқайда төмен», - дейді Санат Шағанбекұлы.

2017 жылы зауыт айналым қаражатын толықтыру үшін «Bank RBK» АҚ арқылы 17 пайызбен несие алды. Оның 6%-ын «Даму» Қоры субсидиялады.

Қазіргі кезде кәсіпорында екінші кезеңді іске қосу үшін жұмыстар атқарылуда. Түтілген жүнді өңдейтін цех дайын тұр. Құрылғылардың жартысы сатып алынып, орнатылған, сынақтан өткізіліп жатыр.

«Шымкент-Кашемир» ЖШС» өнімдері туралы толық ақпаратты: +7 701 981 06 24 арқылы білуге болады.

https://cashmere.satu.kz/