info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Қалдықты қайта өңдеу - заман талабы

Жаңалықтар
11.12.2019

«Екінші өмір» сыйлау... Бұл сөзді адамға ғана емес, күнделікті өзіміз шығаратын тұрмыс қалдықтарына да қатысты айтуға болады.

IMG-20191206-WA0010.jpg 

Адам баласы қанша жерден қоршаған ортаны қорғауға тырысқанмен, қоқыс шығармай өмір сүру мүмкін емес. Бұл - халық денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна сапасына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке әсер етпей қоймайды. Күрмеуі қиын проблеманың жалғыз шешімі - қоқысты құнды шикізат көзі деп қарап, қайта өңдеу өндірісін жолға қою.

Осындай пайдалы іспен айналысатын кәсіпорындардың бірі - Қарағанды қаласындағы тұрмыс қалдықтарын жинау және қайта өңдеуші «Ресайклинг Сервис» ЖШС.

 

Компания «Сбербанк» АҚ @sberbank_kz арқылы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында 6%-дық жеңіл несиеге ие болды.

 

Қаражатты кәсіпкер тұрмыстық қалдықтарды өңдеу техникаларын сатып алуға жұмсады.

 

Email: res_servis@mail.ru

Мекенжайы: Қарағанды қаласы, 22 ықшамаудан, 16 үй, 1 п

Тел.: 8(7212)507089