info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Сұлулық сыйлайтын кәсіп

Жаңалықтар
17.04.2020

Сұлулық салондары қазіргі кездегі ең сұранысқа ие қызмет түрі. Бұған жас кәсіпкер Амангельдинов Жанат Серікұлы сенімді.

Жанаттың зайыбы Махаббат әпкесі Жанармен бірге 2018 жылдан бастап жалға алынған үй-жайда шаштараз болып істеді. Жанат жұбайына көмектескісі келді. Көмектің үлкені – өз ғимараты болғанын түсінген ол 2019 жылы «Амангельдинов» атты ЖК тіркеп «ForteBank» АҚ арқылы қаржы алмақ болды.

2020 жылдың қаңтар айында «ForteBank» АҚ Жанат Серікұлына 10 500 000 теңге несиені «Еңбек» бағдарламасы бойынша 6%-бен 5 жыл мерзімге мақұлдады. «Даму» Қоры 2 000 000 теңгеге кепілдік берді.

2020 жылдың ақпан айында Жанат Көкшетау қаласы, Есенберлин көшесі 36 мекенжайында жеке ғимарат сатып алып, «Bayan sulu» атты сұлулық салонын ашты. Салонда 5 шебер жұмыс істейді. Шеберлер қатарында Махаббат пен оның әпкесі де бар. Салонда шаш қырқумен қатар маникюр, педикюр және визажист қызметтері де көрсетіледі. Сапалы және арзан қызмет көрсетілгендіктен, тұрақты клиенттер саны да артып келеді.