info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Қостанай облысында мемлекеттік грант байқауы жарияланады

Жаңалықтар
14.08.2020

Грант.jpg

Қостанай облысы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» МК «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жарияланған грант байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.

Онда шағын бизнес өкілдері, сонымен ішінде іс бастаушы кәсіпкерлер мен жас іс бастаушы кәсіпкер қатыса алады (экономиканың басым секторлары бойынша өз бизнестерін құру үшін).

Құжат ұсыну тәртібі: үміткерлер бекітілген формада толтырылған өтінім мен құжаттардың толық жиынтығын grantkost.kz интернет-ресурсына онлайн ұсынады. Сайт дұрыс жұмыс істемесе үміткерлер өз өңірінің кәсіпкерлік бөлімдеріне барып құжат өткізе алады.

Сонымен қатар, бизнес-жобаның әлеуетін ашып көрсету мақсатында, кәсіпкерлерге бейнеролик (ұзақтығы 5 минуттан аспайтын, жобаның қысқаша сипаттамасын, қаржылық есептерді және бағалаудың 3 негізгі критерийлерінің толық талдамасын қамтитын) жасау және құжаттардың толық тізбесі қабылданғаны расталғаннан кейін оны өз қаласы/ауданының әкімдігіне ұсыну ұсынылады.

Құжат ұсыну мерзімі: 2020 жылғы 20 тамыздан 2 қыркүйекке дейін жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ға дейін (жергілікті уақыт), түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінім тапсырудың басталу күні мен уақыты: 2020 жылғы 20 тамыз сағат 10: 00-ден бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің соңғы күні мен уақыты: 2020 жылғы 2 қыркүйек сағат 13:00-ға дейін (жергілікті уақыт).

Осы хабарландырумен www.upp.kostanay.gov.kz сайтында танысуға болады.