info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Шығыс Қазақстан облысында компания жаңа бағытты дамытуда

Жаңалықтар
19.08.2020

«Теньши Tr С» ЖШС 2014 жылы түрлі тауарларды көтерме саудалау ісімен айналысу үшін құрылған.

2018 жылы компания жаңа бағыт – қиыршық тас өндірісін бастады. Ол үшін Қайырғазы құрылыс тасы учаскесінде карьер құру үшін барлау жұмыстарын жүргізді.

тенши фото 4.jpg

Қиыршық тас – ауыр бетонға араластыру үшін, жол төсегенде және құрылыс жұмыстарының басқа көптеген түрінде қолданылатын материал. Елдегі құрылыс қарқыны мен оны қамтамасыз ете алатын өндірушілердің болуы бұл нарықтың тұрақты қалыптасып, дамуына сеп болады.

теньши фото 2.jpg

Тасты қиыршықтап-сұрыптау кешені мен шынжыр табанды экскаватор сатып алу керек болған кезде компания «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы несие алып, оның номинал пайыздық мөлшерлемесінің 50%-ын мемлекет «БЖК 2025» бағдарламасы аясында субсидиялады. Сонымен қатар, «Даму» қоры несиенің 50%-на кепілдік берді.

Қазір құрылысы жүріп жатқан Өскемен-Талдықорған автожолы үшін компания қиыршық тас жеткізіп беруде.

Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен, Н. Назарбаев даңғылы, 9/1 тел. + 7723276-52-19