info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Сенімге селкеу түсірмейтін сапа

Жаңалықтар
01.10.2020

Өндірушінің жетістігі тек ішкі нарықтағы сауда көлемімен ғана емес, шет елдегі сұранысынан да көрінеді.

здание завода.jpg

«Біздің кәсіпорын тұтынушыларға энергетикалық жабдықты дайындау және жеткізу саласында 9 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Қазақстанда теңдесі жоқ, жоғары технологиямен жабдықталған өндіріс ең күрделі тапсырыстарды орындай алады. Біз барлық санаттағы құбыр, әртүрлі маркалы қазандық тораптары мен бөлшектерін өндіреміз. Кәсіпорын барлық сала бойынша сертификаттарға ие. Өнім мен қызмет сапасын үнемі жетілдіріп отырамыз, жеткізілетін өнімнің қолданыстағы қауіпсіздік техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін міндетті түрде қамтамасыз етеміз және растаймыз», - дейді «Корпорация КазЭнергоМаш» ЖШС коммерциялық директоры Станислав Рубан.

2020 жылы компанияға айналым капиталын толықтыру қаражат қажет болған кезде «Қазақстан Халық банкі» АҚ Теміртау филиалы 14,5%-бен несие берді. Оның 8,5%-ын «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидиялайды, қалған 6%-ы кәсіпкердің мойнында. Сондай-ақ, Қор несиенің 47%-ына кепілдік берді.

производство.jpeg

«Корпорация КазЭнергоМаш» ЖШС — Қазақстан Республикасы мен алыс және жақын шет елдерінің энергетика саласындағы кәсіпорындарының (ЖЭО, ГРЭС, ГТЭС және т. б.) қажеттіліктері үшін жабдықтар шығаратын энергетикалық машина жасау кәсіпорындар тобы.

«Корпорация КазЭнергоМаш» ЖШС

Қарағанды обл., Теміртау қ., Шығыс өндірістік аймақ, Мичурин к-сі, 4

+7 (721-39) 9-62-25

info@kazenergomash.kz

kazenergomash.kz