info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Семейде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша бірінші кепілдік берілді

Жаңалықтар
11.12.2017

Мұсажанова Нұрпану Жұмаханқызы фармацевтика саласында кәсіпкерлік қызметпен 2013 жылдан бастап айналыса бастаған. Медициналық білімі болғанының арқасында лицензияны жылдам рәсімдеді. Жалға алған ғимаратта алғашқы дәріхана ашылды. Көп ұзамай екінші дәріхана да рәсімделді.

Штатта 4 қызметкері бар. Тауар түрі күн сайын өсе түсті. Негізінен: «Медсервис Плюс» ЖШС, «Стофарм» ЖШС, «Асфарм» ЖШС, «Евразия фарм» ЖШС, «Мединус орталығы» ЖШС, «Ақ ниет» және басқа да тасымалдаушылармен жұмыс істейді.

Ауданда бәсекелестік аз болғандықтан дәріханалар өз пайдасын түсіре бастады. Сонымен қатар, Нұрпанудың екі дәріханасы ауруханаға жақын жерде болғандықтан, жұмыс жақсы жүрді.  

Бір күні Семей қаласының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бағдарламасы» жайлы білді. Кәсіпкер кеңес алып, тиісті құжаттарды «Даму» Қорына өткізді және қысқа мерзімде ол мақұлданды. Нәтижесінде 8 млн теңге мөлшеріндегі, 6%-дық несие алып, Қордың кепілдігін де пайдаланды. Бүгінгі күні кәсіпкер бір дәріхана ғимаратын сатып алды.