info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жастық шақ – тәуекелге бел буатын кез

Жаңалықтар
09.06.2023

Андрей мен Ирина Ли Қостанайда пандемия талаптары күшейіп тұрғанда бизнес ашты. Жас жұбайлар үйлену тойы мен бал айына деп үнемдеген қаражатын homies_wear брендімен балалар киімін өндірісін ашуға жұмсады. 27 жастағы Андрей мен 25 жастағы Ирина ешқашан киім тігіп көрмеген. Бірақ жаңа саланы бағындырып, дамуға деген ұмтылыс осы кәсіпті зерттеуге түрткі болды.

«Мамандығым бойынша үш жыл әуе диспетчері болып жұмыс істедім, әйелім балабақша тәрбиешісі бола тұра маркетингпен айналысты. Ирина осы бизнесті қолға алғанда оны қолдадым», – дейді Андрей.

2020 жылдың тамызында коронавирусқа байланысты шектеулер жас жұбайлардың жоспарын бұзды.

– Тойға деген ақша бастапқы капитал болды. Біз балалар киімін тігуден бастап көрмек болдық. Себебі біздің өңірде мұндай өндіріс жоқ. Алдымен туыстарымның ательесінде біразын тігіп, әдемі фотосуреттер түсіріп, Instagram-да жариялап, жекелеп сата бастадық, - дейді Андрей Ли.

Көтерме тапсырыстар пайда болған кезде ерлі-зайыптылар өз өндірістік цехы туралы ойлана бастады. Бизнес-жоспар жасауға екі ай уақыт арнаған соң соң, идеяны іске асыру қажет екенін түсінді. Ол кезде Ирина бала күтімімен үйде отырған, мен ауысыммен диспетчер болып жұмыс істедім, сондықтан қолғабыс бере алды. Ақша жинап, біразын қарызға алып, 2021 жылдың қыркүйегінде өндірісті ашты.

Айтпақшы, Homies_wear брендінің атауын Андрей ойлап тапқан, ол Америкада оқыған және сол жерде оның көршілері, жергілікті тұрғындар «бауырым», «досым», «замандасым» дегенді білдіретін homie сленг сөзін жиі қолданатын.

Бір жарым жыл ішінде Андрей мен Ирина үлкен жетістіктерге жетті: олар жаңа кең бөлмеге көшті, жұмыс орын санын 4 есеге арттырды (бүгінде өндірісте 17 адам жұмыс істейді), өз өнімдерімен Wildberries-ке шығарды, сату бөлімін құра бастады, жас мамандарды тарту бойынша жұмыс жүргізді. Мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін СТ-KZ сертификатын алды.

Биыл мамыр айында ерлі-зайыптылар мемлекеттік қолдауды пайдаланып, Банк ЦентрКредиттен «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы» аясында жеңіл несие алды. Кәсіпкерлер несиеге мата, шығын материалдарын, керек-жарақтарды сатып алды, сондай-ақ жарнамаға инвестиция салды.

Қазір команда балалар киімдерінің көптеген түрін шығарады. Маталар түрік елінен алдырылады. Отбасы материалдың сапасына кепілдік береді, өйткені олардың жеке сынаушылары бар.

- Біз маталарға тапсырыс беріп, костюмдер тіктік. Алғашқыларын жиенім киді. Ол кез-келген бала сияқты ластап, сырғанап, бүлдіріп қайтарды. Содан кейін біз ол киімді әртүрлі температурада жуып, матаның түгі шығып кетпейтініне, түсі оңбайтынына көз жеткіздік. Біздің өндіріс бәсекеге қабілетті болуы тиіс», - дейді кәсіпкерлер.

Ирина болашақта өндірісті дамытып, басқа кәсіпкерлерді жеңіл өнеркәсіпке шабыттандырамыз деп үміттенеді. Өз брендін елде және одан тыс жерлерде танымал етуді жоспарлап отыр.

Қостанай, Тепличная, 101

+7 747 630 83 14

@homies_kz