info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тараз қаласында «Жамалхан» ЖК жобасы қолдау алды

Жаңалықтар
26.07.2023

Ибрагимов Жамалхан Жұманұлы 2013 жылы ашқан «Жамалхан» ЖК металл-пластик терезе блоктарын өндірумен айналысады.

Қазір тұтынушылар тарапынан сұраныс зор. Бұл – тапсырыстарды жедел орындап, сапаны арттыруға деген талапты да күшейтеді.

2023 жылы кәсіпкер өндіріс көлемін ұлғайтуға шешім қабылдап, егжей-тегжейлі кеңес алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгінеді. Толық кеңес алып, несие алуға бел буды. Банк өтінімді қарап, несиені мақұлдады. Жоба «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде қолдау тауып, «Даму» Қоры кепілдік беріп, пайыздық мөлшерлемені субсидиялады.

Осылайша, 2023 жылы қаражат салып, өндіріс көлемін ұлғайтты.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Сәтбай Әбдіқұлұлы көшесі, 47-үй

Телефон: +7747-729-56-81