info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Alakol love – курорттық қонақ үй

Жаңалықтар
24.07.2023

Алакөлдің ерекше климаты, таза емдік тұзды суының салқыны, түрлі хош иісті өсімдіктеріне толы даласы жанды жадыратып, тәнді нығайтып күшіңізді қалпына келтіруге септігін тигізеді.

«Alakol Love» қонақ үйі Алакөлдің шығыс жағалауындағы Қабанбай батыр ауылы жағалауында орналасқан. 3 қабатты корпус ішіне теледидар, кондиционер, жатын бөлме жиһазы, үй жанындағы үстел, орындықтары, себезгі бөлмелері бар люкс нөмірлер кіреді. «Alakol LOVE» - отбасылы жандарға өте ыңғайлы.

Қонақ үй аумағында танымал жұлдыздардың табиғи дауыста концерттері, көбік кештер өткізіледі. Кішкентай қонақтарға арналған балалар алаңы мен ашық аспан астындағы кинотеатр, сондай-ақ аниматорлар күнделікті ойын-сауық ұйымдастырылады.

Қонақ үйдің құрылысы 2019 жылы «Даму» Қорының қолдауымен басталды. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ берген 14%-дық несиені «Бизнес жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкер 6%-бен төлейді.Ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

+ 7 705 900 90 05

Абай облысы, Алакөл жағалауы, Қабанбай ауылы

Инстаграм: @alakol.love