info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жамбыл облысында «Меркі ірімшік зауыты» сәтті жұмыс істеп тұр

Жаңалықтар
08.08.2023

Меркі май зауытының іргетасы соноу 1936 жылы қаланған. Ал 1954 жылы зауыт жанынан жаңа цехтар салына бастады. Бұл кәсіпорын кеңес одағы тұсында тәулігіне 100 тоннадан астам сүт өңдеп, ірімшік, сүт өнімдері, лактоза өндіріп тұрды.

1996 жылы Меркі май зауыты «Меркі ірімшік зауыты» ААҚ, ал 2005 жылы «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС болып қайта құрылды. Зауыт Жамбыл облысындағы сүт өнімдерінің ең ірі өндірушілерінің бірі. 

2023 жылы зауыт иесі Дастан Айтүленов өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап, егжей-тегжейлі кеңес алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгінді. Филиал менеджерінен толық ақпарат алған соң несие алуға бел буды. Жоба «Даму» Қорының кепілдігін пайдалана отырып және пайызын субсидиялау арқылы «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қолдау тапты. Осылайша, 2023 жылы қаражат алған соң өндіріс көлемі ұлғайды.

«Даму» Қорының қолдауы ірімшік зауыты қуатын 10-12 пайызға арттыруға, өнім өндірісін 10-15 пайызға ұлғайтуға, өндіріс желісін жаңғыртуға және шығатын өнім ассортиментін едәуір кеңейтуге, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Жергілікті бюджетке жыл сайын 40 миллион теңгеден астам салық түседі»,-дейді Дастан Айтүленов.

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал ауылы, Желтоқсан көшесі (Ленин), 1

Телефон: +7726-32-43631