info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қоры Батыс Қазақстан филиалының мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындарда өткізген ПРЕСС-ТУРЫ

Жаңалықтар
05.10.2023

Бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету – өңірдің ғана емес, тұтас елдің кәсіпкерлік секторын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұған «Даму» Қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырған пресс турға қатысқан БАҚ өкілдері көз жеткізді. 

Пресс тур аясында «Батыс облысындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп, онда өңірлік филиал директорының орынбасары Торғаева Әсел Төлегенқызы журналистерге нәтижелерді баяндады.

Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламалары іске қосылған кезден бастап облыста:

·        кәсіпкерлердің несие сомасы 219,2 млрд теңге болатын 3746 жобасы жобасы субсидияланып (пандемия кезеңінде қолдау тапқан экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда);

·        кәсіпкерлердің 2928 жобасы «Даму» Қорынан 30,5 млрд млрд теңгелік кепілдік алған. Мұндағы жалпы несие сомасы 67,0 млрд млрд теңгені құрайды. 

Оның ішінде жыл басынан бері:

·        кәсіпкерлердің несие сомасы 19,6 млрд млрд теңге болатын 339 жобасы субсидияланды. Оның ішінде:

- «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында жалпы сомасы 13,5млрд теңге болатын 333 жоба;

- «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 6,1 млрд теңге болатын 6 жоба;

- «Кепілдік беру» құралы бойынша облыс кәсіпкерлерінің жалпы несие сомасы 13,7 млрд теңге болатын 292 жобасына 6,7 млрд теңгеге кепілдік берілді. 

Пресс тур аясында БАҚ өкілдері бизнесін дамытуға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған кәсіпорындарға барды. Журналистер «Даму» Қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің нақты бизнес-кейстерімен танысып, олардың өз аузынан жеңіл несие алу, несиені субсидиялау арқылы қарыз жүгін жеңілдету, несиеге кепілдік алу секілді құралдарды қалай пайдаланғандарын естіді. Сондай-ақ Қазақстанда бизнесті қолдау мен дамытудағы өзекті мәселелер жайлы біліп, кәсіпорын басшыларынан сұхбат алды.

   Оразова.jpeg


1.    «СТИМУЛ+» ЖК 

2017 жылы ашылған «Стимул +» ЖК – Батыс Қазақстан облысындағы бисквит печеньенің бірегей өндірушісі. «Алани» атты тәтті тоқаш балалар мен ересектердің ең сүйікті тағамдарының бірі. Бастапқыда кәсіпкер жалдамалы бөлмеде орау машинасын сатып алып, шағын электр вафли пісіргіште өнім шығарды. Өз таныстары арқылы сатуға бірнеше қорап тәтті тоқаштар өткізетін, кәсіпкердің өзі түске дейін өнімдерді дүкендерге жеткізіп, түстен кейін цехта жұмыс істеді. Біртіндеп тағамдар танымал бола бастады және тұтынушылар тарапынан сұраныс өсті.

Қызмет аясы кеңейіп, өнімін Қазақстанның ірі қалаларына жөнелту қажеттігі туындағанда кәсіпкер өндіріске одан да қуатты жаңа желі орнатпақ болды. Яғни, қамыр мен салмасын мөлшермен түсіріп, қалыпты майлап, дайын өнімді пештен шығарып алатын мини зауыт-робот керек еді.

Осы мақсатта компания «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» «Кәсіпкерлер/индустриялық – инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты аясында қарыз жылына 6%-ға дейін арзандатылды. Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында несие сомасының 50%-ына Қор кепілдік те берді.

Қолдаудың арқасында ЖК «Стимул+» өндірісін кеңейттіп, жаңа жұмыс орындарын ашты.

Жоба жетекшісі: Қойшыбаев Мейрамбек Мәлікұлы

 

2. «DR.ZUB» ЖШС

Өмірзақова Айнұр Саинқызы кәсіпкерлікке 2017 жылдың басында өз стоматология клиникасын ашу арқылы келді. Ал 2021 жылы ВТБ банктен несие алып, екінші клиникасын іске қосты. Бұл жоба «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау алып, 14%-дық несиенің 8%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды, қалған 6%-ын кәсіпкер төлейді. Мұнда 9 адам (терапевт, 2 ортопед, хирург, 2 стоматологтың көмекшісі, медбеке, санитар) жұмыспен қамтылды. Стоматологияда барлық қажетті заманауи жабдықтар бар.

Қазір кәсіпкер Орал қаласында үшінші стоматологиясын ашуды жоспарлап отыр. Ол үшін «Еуразиялық банктен» жаңа ғимарат мен жабдық сатып алу үшін 19%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оның 13%-ын «Даму» Қоры субсидиялап, кепілдік берді. Стоматологиялық клиниканың кеңеюінің арқасында жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бүгінгі күні «Dr.ZUB» стоматологиясының мамандары үнемі білім жетілдіріп отырады, ортопедиялық және ортодонтиялық емдеу, хирургия, эстетикалық стоматология бойынша ең заманауи технологияларға ие.

«DR.ZUB» – табысты тәуелсіз брендті бизнесті тәжірибесіз қалай құруға болатындығының жарқын мысалы. Бүгінде мұнда сапалы емдеу, дәрігерлердің кәсібилігі мен емдеудің озық заманауи диагностикалық жабдықтары үйлесім тапқан.

Жоба жетекшісі: Өмірзақова Айнұр Саинқызы

 

3. «GOLAZO» ЖК 

Футболға деген сүйіспеншілік пен жастардың әлемдік ареналарда ел намысын қорғайтын кәсіби футболшы ретінде өсуіне деген ұмтылысы Оралдық Мирлан Әбдірахмановқа идея тастады. Яғни, жабық футбол манежін және Golazo балалар-жасөспірімдер футбол академиясын ашуға итермеледі. Орал қаласында футбол алаңдарына, әсіресе күн суықта ыңғайлы жабық алаңдарға сұраныс жоғары.

Компания осы мақсатта «Банк ЦентрКредиттен» 14,5%-бен несие алды, оның 6%-н кәсіпкер төлейді, ал қалған бөлігін «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялайды. Сондай-ақ, кепіл жетпеген кезде «Даму» Қоры несие сомасының 50%-ына мөлшеріне кепілдік берді.

Бұл инвестиция ауданы 1152 м2 , қабырғаларының биіктігі 4 метр және күмбезі 10 метр болатын, жыл бойы жұмыс істейтін бірінші класты көгалды, қаңқалы-шатырлы футбол манежін салуға жұмсалды.

Қазір GOLAZO балалар мен жасөспірімдер футбол академиясы кәсіби клубтар үшін резерв дайындаумен айналысады. Осылайша, балаларды денесін шынықтырып, рухын шыңдауға ықпал етеді.

Жоба жетекшісі: Абдрахманов Мирлан Мірғалиұлы. 

 

4. «ОТБАСЫЛЫҚ ДӘРІГЕР И CO» ЖШС

 Бала туу мәселесі кез келген ел үшін өзекті. Оның үстіне жаһандық тенденция бойынша соңғы 23 жылда дүние жүзінде туу көрсеткіші төмендеп келеді.

Әдетте Қазақстанда жылына 330-350 мың бала дүниеге келеді. Ал 2023 жылы статистика бойынша 415 мың бала дүние есігін ашқан. Ал егер бұрын бір отбасында шамамен 2-3 баладан болса, 2022 жылғы мәліметтер бойынша бұл көрсеткіш 3-тен асқан, яғни жақсарды.

Бірақ жалпы алғанда, соңғы 10 жылдағы тенденцияларды алып қарасаңыз, жағдай өте қолайлы емес. Әрине, отбасын нығайту, бала туу көрсеткішін арттыру және бедеулікті емдеу шаралары қажет. Бедеулік тек медициналық ғана емес, әлеуметтік мәселе. Бұл жерде репродукция көмекке келеді.

Оралдағы «Семейный врач и Co» заманауи сапа стандарты бар жақсы үйлестірілген ұжым ретінде ерекше беделге ие.

Отбасылық емхана сапа мен қолжетімділік, дұрыс ем мен жұмысты ұйымдастыру бойынша пациенттердің көңілінен шыққан.

«Семейный врач и Co» ЖШС Орал қаласындағы экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) орталығының филиалын дамыту мақсатында коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға мемлекеттен қолдау алды. Олар «Bank RBK» АҚ-дан несие алып, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесі 8 пайызға дейін субсидиялады.

Семейный врач и Co емханасының басты мақсаты – ең алдымен адамдарға өмірдің мәнін сезіндіріп, бақытты ету.

Жоба жетекшісі: Покотило Людмила Ивановна