info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Әуедегі қауіпсіздік жерден басталады

Жаңалықтар
27.12.2023

«HeliCom» ЖШС неғұрлым күрделі және ғылымды қажет ететін авиация саласында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің инновациялық технологияларын насихаттау мақсатында 2009 жылы құрылған. Негізгі қызметінің бірі – жаңа инновациялық өнім – халықаралық авиациялық және өнеркәсіптік стандарттарға, сондай-ақ халықаралық патенттерге сәйкес келетін Helipad үлгісіндегі жинақталған-бөлшектенетін тікұшақ алаңдарын әзірлеу, өндіру, сатудан кейінгі қызмет көрсету және пайдалануды қамтамасыз ету.

Аталған жоба тікұшақ техникасын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және азаматтық авиациясын пайдалану жүйесінде орын алған аса қауіпті факторларды терең зерделеуден және жан-жақты талдаудан, сондай-ақ саланың жетекші пайдаланушыларымен диалогтан кейін басталды. Еуроодақтың, Ресей Федерациясының және өзге де елдердің неғұрлым дамыған инфрақұрылымдық авиациялық тәжірибесі қосымша зерделенді.

Адами капитал неғұрлым құнды ресурс екенін түсіне отырып, жобаны іске асырудың бастапқы кезеңінде неғұрлым білікті отандық және шетелдік мамандар тартылды. Бүгінгі таңда серіктестікте қазақстандық және шетелдік оқу орталықтары мен өз өндірісі базасында қазақстандық инженерлік-техникалық мамандар даярланады.

Жобаға Қазақстан мен таяу шетелдің ғылыми-техникалық және сынақ орталықтары, сондай-ақ Мемлекетаралық авиация комитетінің тіркелімі тартылды. Сондай-ақ, жобада авиациялық, машина жасау және құрылыс салаларындағы қазақстандық және халықаралық нормативтік-техникалық құжаттардың көптеген талаптары өзара байланысты болды.

Өндірістік тізбекте жобаға қажетті бағыттар бойынша ең үздік құзыретке ие отандық өндірістік компаниялар кеңінен тартылады.

Серіктестік «Авиациялық, ғарыштық және қорғаныс ұйымдарына қойылатын талаптар» EN/AS9100D батыс стандартының «Әуеайлақтардың, оның ішінде жиынтық тікұшақ алаңдарының жабдықтарын жобалау, әзірлеу, дайындау» қолданылу саласына сәйкестігіне сертификатталған. Сертификаттау органы - BUREAU VERITAS халықаралық компаниясы.

Қазір серіктестік жасайтын тікұшақ алаңдары ҚР ТЖМ мен ҚР Ұлттық ұланы пайдалануда. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының және шетелдің басқа да мемлекеттік және жеке ұйымдарынан өтініштер түсті.

Өнімді толыққанды пайдалану үшін Алматы қаласындағы авиациялық оқу орталығымен серіктесе отырып тапсырыс берушілердің персоналын сертификаттап даярлау ұйымдастырылды.

Тікұшақ алаңдары әлемдік құрылыс индустриясында кеңінен қолданылатын префабрикация қағидаты негізінде құрастырылған және дайындалған.

Тікұшақ алаңдарының негізгі артықшылығы – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететіні. Жұмысты ұйымдастыруды жақсарту есебінен «адам факторының» әсері айтарлықтай азаяды және персоналдың жауапкершілік салалары оңтайлы бөлінеді. Сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі – жүйелік тәсіл қамтамасыз етіледі.

Серіктестік «Банк ЦентрКредит» АҚ «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауына ие болды. 

B10E8P1, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қ,, Зареченский а. о., Арна өнеркәсіп аймағы, 35

Сайт: helicom.kz.

Тел.: +7 (727) 229 17 48; +7 (727) 229 17 49

Пошта: info@helicom.kz