info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі сайланды

Жаңалықтар
30.05.2018

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) Басқармасының сырттай отырысы қорытындысы бойынша, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Даму» қоры) Жалғыз акционерінің шешімімен, Директорлар кеңесінің мүшесі-Тәуелсіз директор ретінде Елемесов Асқар Раушанұлы сайланды. Сондай-ақ Директорлар кеңесінің шешімімен Елемесов Асқар Раушанұлы Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің төрағасы болып сайланды.

Елемесов Асқар Раушанұлының мемлекеттік органдар мен қаржы саласында мол тәжірибесі бар. 2017 жылдан бері «Қазкоммерцбанк» АҚ Тәуелсіз директор - Директорлар кеңесінің мүшесі. Оған дейін «SkyBridge Invest» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы - тәуелсіз директоры болған. Асқар Раушанұлы ҚР қаржы министрлігі мен ҚР Ұлттық банкінде де қызмет атқарды. «Казахинторг» РҰ; «Корус Интернешнл КО ЛТД» фирмасының өкілдігінде басшылық қызметтер; «Казкоммерцбанк» АҚ; «Банк Каспийский» ЖАО; «БанкТұранӘлем» АҚ; «Қазақстан халықтық жинақтаушы банкі» АҚ басшылық қызметтерде; «ДБ Секьюритиз Казахстан» ААҚ Вице-президенті-Брокерлік бөлімінің бастығы; Deutsche Bank неміс компаниясының еншілес ұйымы «ДБ Секьюритиз Казахстан» ААҚ президенті; «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

Осылайша, бүгінгі күні «Даму» Қоры Директорлар кеңесінің 7 мүшесі бар:

1. Досаев Ерболат Асқарбекұлы –Директорлар кеңесінің төрағасы,

2. Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі,

3. Тәжияқов Ғалымжан Бисенғалиұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі,

4. Жандосов Ораз Әли ұлы – тәуелсіз директор,

5. Бисекеев Серікбай Жолдыбайұлы – тәуелсіз директор,

6. Елемесов Асқар Раушанұлы – тәуелсіз директор,

7. Сарқұлов Абай Серікұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма төрағасы.