info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Әлеуметтік кәсіпкерлік

Талаптар

Кепілдік мөлшері

несие сомасының 85%-ына дейін

Максимал сома

1 млрд тг

Мақсаты

Инвестиция, АҚТ, Қайта қаржыландыру

Мерзімі

несие мерзімінен аспайды

БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Сүйемелдеу

Құжаттарды дайындауға біздің менеджерлердің көмегі

Ыңғайлылық

Үйден шықпай-ақ кепілдік алуға онлайн өтінім беріңіз

Жылдамдық

Қор тарапынан қысқа мерзімде кепілдік қарастыру

Сенімділік

Бізге сенеді. 62 000-нан астам жоба "Даму" Қоры арқылы кепілдік алды

Жаңадан іс бастаушыларға арналған кепілдіктер

Бизнесі бұрыннан барларға арналған кепілдіктер 

кімдер қатыса алады:

Кодекстің 232-1-бабында көзделген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері

Кепілдіктің максимал  мөлшері:

несие сомасының 85%-ына дейін

несие сомасының 50%-ына дейін

Несиенің максимал мөлшері:

Max – 360 000 000 тг

Max – 1 млрд тг

Несие мақсаты:

1.      Инвестици

2.      АҚТ

3.      Жоба аясындағы  несие сомасы айналым қаражатын 100%-ға толықтыру кезінде 500 млн теңгеден аспайды (несиеге қызмет көрсету бойынша қолда бар қарыздарды  төлеу бойынша есеп айырысу және өтініш берушінің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда);

4.     Қайта қаржыландыру 

Қаржы лизингі

лизингке алатын заттың сомасы-360 млн теңгеден аспайды, кепілдік мөлшері лизингке алатын затт құнынан 50% - дан аспайды

лизингке алатын заттың сомасы-500 млн теңгеден аспайды, кепілдік мөлшері лизингке алатын затт құнынан 50% - дан аспайды

Несие бойынша мөлшерлеме:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеме  және оны 5 пайыздан аспайтын көлемде ұлғайтқан

Максималды кепілдік мерзімі:

несие мерзімінен аспайды

Несие сомасына парапар кепілдік құнын ұсыну :

15%-дан бастап

50%-дан бастап

500 млн теңгеден астам несие бойынша жобаға өзінің ұсынатыны:

-

жобаны жүзеге асырудың жалпы құнының кемінде 10%-ы


өз қаражатымен (ақшамен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қамтамасыз етіледі

Анықтама үшін: 

ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары:

1 санат: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі азаматтардың төменде көрсетілген санаттарының жұмыспен қамтылуына ықпал етеді

мүгедектігі бар адамдар; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар; зейнеткерлер және зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар; балалар үйлерінің, мектеп-интернаттардың жиырма тоғыз жасқа дейінгі тәрбиеленушілері мен түлектері; қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар; аз қамтылған, көп балалы немесе толық емес отбасылардың ата-аналары, сондай-ақ көп балалы аналар; қандастар.

2 санат: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі өндірілетін тауарларды, орындалатын жұмыстарды, азаматтардың көрсетілетін қызметтерін 1-санатта санамаланған санаттардан өткізуге ықпал етеді;

3-санат: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ 1-санатта санамаланған санаттағы адамдарға арналған тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.


салалық шектеулер жоқ, тек:

- жылжымайтын мүлік операциялары (жеке тұрғын үй құрылысы үшін пәтер/тұрғын үйлер/жер учаскелерін сатып алу, жалға алу (қосалқы жалдау),

- жеңіл автомобильдер сатып алу, жалға алу және лизингке (бір данасы үшін құны он миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобалар мен «жасыл» жобаларды қоспағанда) шектеу бар.