Даму Регионы - кредит по низкой ставке для бизнеса в Казахстане

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Бизнесі барларға арналған бағдарламалар

Даму Аймақтар


«Даму-Аймақтар» - шағын және орта бизнестің басымдық берілген аймақтық жобаларын қаржыландыру бағдарламасы

Бағдарлама шағын және орта бизнестің аймақтардағы баымдық берілген жобаларын қаржыландыруға арналған. Сондай-а Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2018 жылдың 25 тамызындағы №522 «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялауға және / немесе кепілдіктерге өтінім беру мүмкіндігі бар.

Бағдарлама мақсаты - шағын және орта бизнестің Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі басым бағыттарын дамыту.

Кімдер қатыса алады Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері.
Басымдық берілген салалар

Экономиканың кез-келген салалары, тек мына салалардан басқалары:

-бөлшек және көтерме сауда;

-ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын қоспағанда;

-қаржы саласы мен сақтандыру
Қатыса алмайтындар

бағдарламаға ШОКС  ретінде тіркелмеген;

- акцизделетін тауар шығаратын және шығаруды жоспарлаған, бұған моторлы көлік құралдары жатпайды ;

- ойын бизнесіндегі тұлғалар қатыса алмайды

ШОКС қаржыландыру талаптары (шағын және орта кәсіпкерлік субъекті)

Сыайқы мөлшерлемесі
    жылына 14,0%-ға (он төрт) дейін 

Несие сомасы 750 000 000 млн тг
Несиелеу мерзімі 

- инвестицияға 84 айға дейін;

- айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін.

Валюта
    теңге

Несиеге қол жетімді мерзім 1 (бір) жылға дейін
Несиені қандай мақсатта жұмсауға болады  

- инвестиция; 

- айналым қаражатын толықтыру ; 

- бұрын айналым қаражатын инвестициялауға және (немесе) толықтыру қарыз алған борышкерлердің осы кезеңдегі міндеттемелерін қайта қаржыландыру.

Қосымша міндеттер ШОКС «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялауға және кепілдендіруге қатыса алады.


Бағдарлама бойынша төмендегі мақсаттар үшін  несиеге тиым салынған:
- заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлеске ,
- борышкердің шаруашылық қызметінің шығынын жабуға ,
- сенімді агенттердің қызмет ақысын төлеуге
Механизм  Кәсіпкер банкке өтінім береді. Бағдарламаға қатысуға арналған құжаттар топтамасы әр банкте әр түрлі.  (банк белгілейді). Банк бағдарлама бойынша қаржыландыру туралы шешімді өзі қабылдайды.  

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Қаржыландыру көзі
Бағдарлама бойынша борышкерлерді кейін несиелендіру үшін белгілі бір (мақсатты және шектеулі) шарттар бойынша серіктес банктерге Қор қаржы орналастырады.
      
Бағдарламаны жүзеге асырудағы Қор ролі 1. Мақсатты топты және қаржыландыру критерийлерін анықтайды;
2. Қаржының орынды жұмсалып, игерілуін қадағалайды;
3. Тиісті тұлғаларға қажетті ақпаратты ұсынады.
Бағдарламаны жүзеге асырудағы ЕДБ ролі
1. Қажет болған жағдайда жобаларды таңдайды және қаржыландырады
2. ШОКС жобаларын қадағалайды 
3. Бағдарламаның қорытындысы бойынша Қор алдында есеп береді.
 

Қатысушы банктер